ІІ Саммит алдағы жылы Бішкек қаласында болады - ҚР Президенті

МАТЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан үшін Түркі кеңесінің тұңғыш төрағасы болу өте үлкен мәртебе. Бұл жайлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің І Саммитінің жұмысын қорытындылаған кезде мәлім етті.

«Алқалы жиынға қатысқан түрік мемлекеттері басшыларының шешімімен келесі кездесуіміз ендігі жылы Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында болады. Сондықтан бұл кездесу өте сәтті аяқталды деп санаймыз.

Кездесу барысында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Жақын арада болатын Қырғызстандағы Президенттік сайлауға біз бәріміз шын жүрегімізбен сәттілік тіледік. Қырғыз халқына бауырлас осындай сын сәтте бірлік көрсетіп, тыныштық, бүкіл дүниежүзі алдында үлкен абыройға ие болсын деп тілейміз және сұраймыз», - деді Н.Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, Түркі кеңесіне қатысушылар біріге отырып, Түркия мемлекетінде болып жатқан лаңкестік жағдайларға қатысты өте қатал, қатты бағыт ұстанды.