ІІ-ші қайырымдылық балы қоғамға балалар мәселесін еске түсіруге мүмкіндік беретін шара - ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ханнаа Сингер

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласы үшін ІІ-ші қайырымдылық балдың маңызды да керемет, үлкен мәдени шара. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Алматы қаласының әдемілігін толтыра түсетін шараға алматылықпын деген әрбір адам болып қайтуы қажет. "Қала әкімдігі ТМД елдеріндегі ең ірі балға қолдауын білдіреді және барлық Алматы қонақтарын үлкен мәдени шараға шақырамыз", деді Серік Сейдуманов.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ханнаа Сингердің айтуынша, Бал қоғамға балалар мәселесін еске түсіруге мүмкіндік беретін шара. "Әр келуші билет ала отырып және балды тамашалап, қатыса отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек бере алады", деп атап өтті.

Шараны ұйымдастырушы, «Eventica Group» компаниясының Бас директоры Марат Омаровтың айтуынша, ІІ-ші қайырымдылық балы бірінші балдан да қызықты да, керемет болмақ.

"Қазақстандағы ірі жобалардың бірі саналатын биылғы Балда жаңа өзгерістер болмайды, жаңа дәстүрлер де енгізілмейді. Тек қатысушы дебютанттардың саны қысқартылды. Биыл 56 жұп қатысатын болады. Сыйлы дебютанттар қатарында ресейлік актер Константин Крюков, еліміздің белгілі әншілері Қайрат Түнтеков, Аша Матай және «Арнау» дуэті бар. Салтанат соңында өткен жылғыдай Балдың патшасы мен патшайымы ретінде 4 жұпты емес, биыл бір жұпты ғана таңдап алатын боламыз", деді Марат Омаров. Оның айтуынша, Бал Қазақстанда ешқашан өнер көрсетпеген, әлемге таныма, италияндық тенор Алессандро Сафинаның қатысуымен ерекше болмақ.

"Мен бір де бір балға қатысқан емеспін. Сондықтан бұл менің бірінші дебютім болмақ. Менің биден басқаның бәріне қабілетім бар, сондықтан дұрыс билеуді қолға алайын деп отырмын", деді балдың дебютанты, ресейлік актер Константин Крюков. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыйлы дебютанттардың жұптары әзірге құпия.

Биылғы Қайырымдылық балды Ресейдің халық әртісі Святослав Бэлза мен қазақстандық актриса Қарлығаш Мұхамеджанова жүргізетін болады. Балды әуенмен әрлейтін Мемлекеттік симфониялық оркестрді ең жас дирижерлардың бірі, Еуропа елдерінде табысты өнер көрсетіп жүрген Мариус Стравинский мен қазақстандықтардың көңілінен шыққан Ваг Папян басқаратын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, билет сатылымынан түскен табыстың бір бөлігі Қазақстандағы ЮНИСЕФ бағдарламалары аясында мүмкіндіктері шектелген балалар қорына аударылмақ.