ІІД баспасөз қызметінде видео зерделеніп жатқаны атап өтіледі. Алдын ала деректер бойынша бұдан ешкім зардап шекпеген.
Инстаграмда ztb_video парақшасында видеоролик пайда болды. Оның қай көшеде орын алғанын пайдаланушы нақтылап жазбаған. Сондай-ақ оның қайдан пайда болғаны жайлы да ақпарат жоқ.
Кейбір желі пайдаланушылары оны декоративтік конструкциядан құлаған зат деуде. Ал кейбірі оны құртқа ұқсатып, қалжыңға айналдыруда.