Жеңіл көлік шыны қабырғаны жарып ғимарат паркингінен шығып кеткен. Оқыс оқиғаның видеосы желіде жарияланған.
Астана ішкі істер департаменті осы оқиғаның болғанын растады.
«12 тамыз күні сағат 19:40 шамасында «Нұрлы жол» теміржол вокзалының автотұрағында көлік жүргізушісі рульді басқара алмай, тосқауылды (паркинг витринасы мен эскалаторлар) бұзып өткен», - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Жүргізушінің машинасы коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды.