III Астана экономикалық форумында Алматы мен Париж қалаларының қаржы орталықтары арасында меморандум қабылданды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш құжатқа Алматы қалалық, аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Әркен Арыстанов пен Париж қаржы орталығын халықаралық нарықтарға шығару жөніндегі «Paris Europlase» үкіметтік емес ұйымының арнайы кеңесшісі Эдуард Де Ленкезен қол қойды. Меморандум оған қол қоюшы тараптар арасында қарым -қатынастардың жетілуіне ықпал етіп, Алматы қалалық, аймақтық қаржы орталығының бастамаларын Еуропа нарығына шығуына негіз болады.
Осылайша, тараптар қаржылық бақылау, қаржы инфрақұрылымын дамыту, қаржы нарығына қатысушылар санын арттыру, кадрларды даярлау негізінде Қазақстан мен Франция экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Алматы мен Париждің қаржы орталықтарын жаһандық жүйеге енгізу сияқты бірқатар міндеттер негізінде екіжақты әріптестік қатынастарды жетілдіріп дамытпақ.