ІІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары хатшылығы басшысының орынбасары Айжан Әбдесованың айтуынша, билеттер 13 тамызда-ақ біткен.
«Салтанатты жабылу рәсімінің билеттері әлі біршама», - дейді ол.
Бұрын шақырылған Голливуд жұлдыздары - Анджелина Джоли мен Леонардо Ди Каприоның келу-келмеуі әлі белгісіз.
ІІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары 2-9 қыркүйек аралығында Ыстықкөл жағасында өтеді.
20:55, 23 Тамыз 2018
ІІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына билеттер түгел сатылған
БІШКЕК. ҚазАқпарат - ІІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатының барлық билеттері сатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.