Салтанатты шарадан кейін БАҚ өкілдерімен ой бөліскен ол: «Ата-бабамыздың аңсағаны Тәуелсіздік еді. Сол Тәуелсіздікке жеттік. Мемлекет болып ірге тасымыз бекіп, дүниежүзіне, әлемге әйгілі елге айналдық. Осының барлығы да көшбасшымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Бұл награда бүкіл халқым алған марапат. Мен 10 жылға жуық шахтада істеген едім. Сондықтан да бұл орден барша кеншілерге де берілген құрмет деп білемін», - деді.
Естеріңізге сала кетейік, К.Салықов бүгін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.