Бұл туралы бейсенбі күні Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік статистика басқармасының өкілі Ли Сяочао мәлім етті.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айындағы күрт баяулауға қарамастан, Қытайдың жалпы ішкі өнімі 9 айдың қорытындысы бойынша 7,7 пайызға өсіп отыр. Атап айтқанда, Қытай экономикасының өсу қарқыны ІІІ тоқсанда еселеніп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызды құрады.
«Белгіленген мақсатқа - 8 пайыздық өсуді қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуімізге барлық мүмкіндік бар деп сеніммен айта аламыз. Оған ешқандай күмән жоқ», деп атап көрсетті Ли Сяочао өз сөзінде.