халықтағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын өткізеді», - деп хабарлайды ІІМ-нің Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Аталмыш акция талаптарына сәйкес, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар қару-жарақтарын ерікті түрде тапсырған азаматтарға мемлекет тарапынан қаржы төленеді. Қаржының көлемі әр қару бірлігі үшін оннан бастап жүз еселік айлық есептік көрсеткішке дейін көзделген. Атыс қаруын және оқ-дәріні және жарылғыш заттарды қабылдау ішкі істер органдарының әрбір аумақтық бөлімшелерінде жүргізіледі.
Ішкі істер министрлігі жарақат алудың алдын алу мақсатында қандай да бір жағдайда табылған жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді сақтамауға және оларды пайдаланбауға шақырады. Қару немесе оқ-дәрі табылған жағдайда полицияның кез-келген бөлімшесіне 102 телефоны немесе ұялы телефон арқылы 112 нөміріне хабарлауды сұрайды. Ішкі істер министрлігі өткізіліп жатқан акцияны тұрғындардың қолдайтынына және оған белсенді қатысатынына сенеді.