ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді
Акция мақсаты - ішкі істер органдарына халықтың сенім деңгейін арттыру, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау қызметін жетілдіру, халық үшін қолайлы жаңа жұмыс әдістерін енгізу.
Акция азаматтарға құқықтық және кеңестік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін, Әкімшілік полиция комитеті, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар басшылығының азаматтарды қабылдауын қамтиды.
2009 жылдан бастап ІІМ «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды және Қызылорда облыстарының аудандық орталықтарында «Жолда қабылдау» акциясының жұмысын ұйымдастырды.
Мәселен, 2014 жылғы 13 наурызда Қызылорда облысында өткізілген соңғы акция барысында азаматтар жол жүрісін ұйымдастыру, бағдаршам объектілерін орнату, жүргізушілерді даярлау сапасы, адамдарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету, Жол қозғалысы ережелерін дөрекі бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі мәселелерді көтерді.
Халықпен жұмыс екі форматта өткізілді - бұл проблемалық мәселелерді жалпы жиналыста талқылау және азаматтарды жеке қабылдау.
Осыған ұқсас іс-шаралар республиканың барлық өңірлерінде өткізілді. Республикалық акцияға жалпы ішкі істер органдарының 940 қызметкері тартылды, оның ішінде 574 әкімшілік полиция қызметкері, «Нұр Отан» партиясының - 266, мемлекеттік органдардың - 327, қоғамдық ұйымдардың - 106, БАҚ - 260 өкілі және 86 ІІО ардагерлері қатысты.
11289 азамат қатысты, олардан 1513 өтініш келіп түсті, олардың ішінен 1466 қанағаттандырылды. Жеке қабылдауға 763 азамат қыбылданды, 741 жағдайда азаматтардың өтініштері қанағаттандырылды. Әкімшілік полиция қызметінің мәселелері бойынша 9428 азаматқа сауалнама жүргізілді.
Халықтың көпшілігі жолдағы құқық тәртібінің жақсарғанын атап өтті. 80%-дан астамы жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің сыпайылығын атап өтті, жағымды қасиеттердің ішінен полиция қызметкерлерінің кәсібилігі, жеделдігі мен қайырымдылығы ерекше атап өтілді.
Акцияның кезекті кезеңі 2014 жылғы 6 маусымда басталады. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, Алматы облысының аумағы бойынша «Талдықорған-Балпықби-Текелі» бағдары бойынша акция өткізуді жоспарлады.
Оған ішкі істер органдарының ардагерлері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Халықпен жұмыс екі форматта өткізілді - бұл пікірталас, проблемалық мәселелерді жалпы жиналыста талқылау және азаматтарды жеке қабылдау.
Сонымен қатар әкімшілік полиция қызметкерлерінің заңдылықты және азаматтардың құқықтарын сақтаулары мәселелері бойынша азаматтарға сауалнама жүргізіледі.