«Бүгін әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде «сотталушылар бүлік» шығарып жатыр деген ақпарат пайда болды. Осыған орай ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті видеода Долинка елді мекеніндегі АК-159/6 мекемесі базасында Қарағанды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі және полиция департаменттерінің , Ұлттық гвардия әскери бөлімінің арнайы тактикалық оқу-жаттығу кезіндегі кадр таспаланғанын хабарлайды. АК-159/6 мекемесіндегі ахуал тұрақты. Бұл іс-шара ағымдағы жылдың басында жоспарланған. Бекітілген жоспарға сәйкес мұндай оқу-жаттығулар жыл бойы өткізіледі», - делінген комитет ақпаратында.
15:37, 19 Сәуір 2019
ІІМ Қарағанды түрмесіндегі сотталғандардың «бүлігіне» қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде Қарағандыдағы «сотталғандар бүлігі» деген атаумен жарияланған видеоға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.