Бұл туралы «Кабар» Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Рейд республика көлемінде 2017 жылдың 18-20 қазанында жүргізілді.
Бұдан бөлек, шара барысында күндізгі уақытта сауда-нарықтық кешендер, вокзалдар, жертөле-шатырлардағы үй-жайлар қаралып, түнгі уақытта компьютерлік клубтар, дәмханалар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және тағы басқа кәмелеттік жасқа толмағандардың бас қосатын орындары тексерілді.
Нәтижесінде, 439 кәмелетке толмаған бала анықталды, олар ІІБ-ге жеткізілді.