«Алайда футболшы Никола Тонев комиссия отырысына келмеді. «Тобыл» ФК өкілдері оның команда қарамағында жоқ екендігін мәлім етті», деп хабарлады ҚФФ баспасөз қызметінен.
Сонымен, ҚФФ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне 2014 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысу үшін ойыншы өтінім берген кезде «Тобыл» ФК ұсынылған Никола Тоневтің жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмелерін қосып сұрау жіберген. «Бүгінгі күні Федерация аталмыш факті бойынша ІІМ-нен, «Тобыл» ФК-дан жауап күтуде, олардың өкілдері әлі жазбаша жауап берген жоқ», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясында вице-президент Олжас Абраевтың төрағалығымен арнайы комиссия құру туралы шешім қабылдады. Ол жекелеген футболшылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуының заңдылығын тексерумен айналысады. Қосымша ақпарат мемлекеттік органдардың жауабынан соң беріледі.