Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты Мәметова көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иістен уланған 39 жастағы әйел қаза тапты.
Сондай-ақ дәл осы күні Астана қаласының Алматы ауданында Сырымбет көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иістен уланған 2003 және 2006 жылы дүниеге келген балалар ауруханаға жеткізілді.