«Қазіргі таңда қала тұрғындарын денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, электрмен жабдықтау, бірыңғай төлем орталығының түбіртектері, жол инфрақұрылымы, қаланы сумен жабдықтау мәселелері жиі алаңдатады.Күн сайын бізге 7 мыңнан 29 мыңға дейін өтініш келіп түседі. Өтініштерді өңдеу көрсеткіші – 99 пайыз. Күн сайын коммуналдық кәсіпорындар мен әкімдік басқармалары біздің орталыққа түскен 6 мыңға жуық өтінішпен жұмыс істейді. 1300-ден астам қызмет түріне оператор алғашқы қоңырау кезінде-ақ жауап бере алады. Сондай-ақ басшыларды маңызды шұғыл және төтенше жағдайлар туралы хабарлауға арналған «Ikomek-109» моблильді қосымшасы бар. Қосымшада тиісті қызметтердің жұмыс әрекеті көрініс тауып отырады. 2019 жылдан бері осы тәсіл арқылы басшыларға 55 мыңнан астам ескертпе жіберілді», -деді Әсел Өмірзақ онлайн-брифингіде.
Айтуынша, бұл қосымшаны әкімдіктің 500 қызметкері гаджетіне орнатқан. Сол арқылы азаматтардың өтінішімен жұмыс істеп жүр.
«Аталған қосымша арқылы тұрғындар апаттық-жоспарлы жұмыстар мен мектепте сабақтың шегерілуі, жолдардың қашан жабылып, ашылатыны туралы мәліметті жедел алады.
«iKomek-109» қызметіне қалалық телефоннан да, ұялы телефоннан да тәулік бойында тегін қоңырау шалуға болады. Қазір өтініштердің 76,7%-ы «109» сall-орталығы арқылы, 23,3%-ы өзге де цифрлық сервистер арқылы түседі. SMS-хабарландырудан бас тартқаннан бері «iKomek-109» қосымшасы бюджеттің 50 млн теңгесін үнемдеген», - деді департамент директоры.