iKOMEK109 орталығы ПИК-тер мен лифт компанияларының сапасыз жұмысын талдайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы жән бақылау басқармасында Нұрлан Нүркеновтің төрағалығымен ПИК пен лифт шаруашылықтары жұмысының проблемалы мәселелері бойынша жиын болып өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жиын барысындакүнделікті iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына келіп түсетін ПИК жұмысыныңпроблемалы мәселелері қаралды.

Жыл басынан беріКПТҮ желісі бойынша 15 560 өтініш келіп түсті. Ағымдағы жылдың 16 шілдесі мен 23шілдесі аралығындағы кезеңде 473 өтініш келіп түсті, бұл өткен апталарменсалыстырғанда 2%-ға көбірек. Өтініштердің көпшілігі сумен жабдықтау, жылуменжабдықтау, электрмен жабдықтау және санитарлық тазалау мәселелеріне қатысты.

«Ағымдағы жылдыңбасынан бері КПТҮ-лердегі қасбеттердің жайсыз күйіне байланысты 534 өтінішкеліп түсті, оның ішінде 363 өтінім қаптайтын тақтайлардың құлауына,салбырауына және сыртқы қабатты қалпына келтіруге байланысты болды. Қазіргітаңда 23 өтініш атқарылу үстінде. Тәулігіне орта есеппен 12 өтініш келіптүседі.

Атап айтқанда,келіп түскен өтініштердің көпшілігі »Тұрмыс« ЖШС және »Құрмет2000« ЖШС ПИК-теріне жолданды.

Сонымен қатар2018 жылы iKOMEK109-ға лифт жабдықтарының жұмысы бойынша 3 539 өтініш келіптүсті. 2018 жылы iKOMEK109 операторлары қабылдаған өтініштер саны 1977-ніқұрады. Тек ағымдағы жылдың басынан бері операторлар 2 201 өтінішті қабылдады,бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі өтініштер санымен салыстырғанда 10%-ғаартық», - деп баяндады Қалалық iKOMEK109 орталығы басшысының орынбасары ДинаТемірғалиева.

Осылайша,iKOMEK109 ұсынған талдау мәліметтері негізінде Қалалық орта сапасы және бақылаубасқармасы ПИК пен лифт шаруашылықтарының проблемалы мәселелеріне нақтымерзімдер белгіледі. 3 апталық отырыстар нәтижесінде тиімсіз ПИК-тер анықталды.Қазіргі таңда ПИК-тер шағымдар мен өтініштерді шешу бойынша жұмыс жүргізуде,олардың қорытындысы бойынша жұмыс жөнінде есептер ұсынылатын болады.

iKOMEK109-ғакеліп түскен әрбір өтініш тиісті жауапты ұйымға жолданып қана қоймай, олардышешу бойынша нақты шаралар қабылдау үшін қаланың түйткілді мәселелерін талдауғанегіз болады.

Соңғы жаңалықтар