Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия кубогін иеленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландтың Бангкок қаласында садақ атудан Азия кубогі аяқталып, мергендер бәсекесінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллин классикалық садақ атудан Азия кубогін еншіледі. Осы бағдарлама бойынша қола медальді тағы бір спортшымыз Санжар Мұсаев иеленді.

Классикалық түрде садақ атудан командалық сында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 4-ші орынға табан тіреді.

Осылайша, Бангкок төріндегі турнирден қазақстандықтар жалпы есебі бес медаль жеңіп алды.