Ильхам Әлиевке биометриялық жеке куәлік табыс етілді
Президент И.Әлиев жеке куәлік үшін суретке түсіп, электронды қолтаңбасын қойды. Нөмірі бірінші электронды түрдегі жеке куәлік Әзербайжан басшысына табыс етілді.
Іскі істер министрі Рамиль Усубов пен экономика министрі Шахин Мустафаев президентке ел азаматтарына электронды жеке куәлікті беру дайындығының барысы мен оны жеткізу жұмыстары туралы айтып берді.
Айта кету керек, жаңа буын жеке куәлігі қауіпсіздік тұрғысынан бұрынғыға қарағанда жетілдірілген.
Аталған жеке куәлікте азаматтың тұрғылықты мекен-жайын тіркеу туралы, отбасылық жағдайы, сондай-ақ иесінің биометриялық фотосы мен басқа да жеке мәліметтер бар қорғаушы чип орналасқан. Цифрлы ақпарат пен барынша жалған жасаудан қорғалған жаңа буын жеке куәлігін алғысы келетін азаматтар территориялық полиция органдары мен «ASAN xidmət» орталықтарына жүгінуге болады.
Жаңа жеке куәлікті басып шығару Ішкі істер министрлігінің 10 аймақтық және «ASAN xidmət» орталығында жүзеге асырылады.