«Оның кейсі екі жылға спорттан шеттетіліп, Олимпиададан тыс барлық нәтижелері сақталған Мая Манеза кейсімен шамалас», - деді Омар Мұстафин IWF допингке қарсы халықаралық конференциясында журналистерге берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді.
Алайда ауыр атлетті спорттан шеттету туралы шешім әлі қабылданған жоқ.
Федерация басшысының айтуынша, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ісі бойынша шешім қабылдау бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.