Күні кеше Лондонда өткен әлем чемпионатында рекордтық салмақты көтеріп, дүйім жұртты асқан шеберлігімен тамсандырған Илья биыл да бабында.
Шеберлiк сыныбы барысында толағайымыз жаттығу үдерiсiнде қолданылатын бiрқатар әдiстердi көрсетiп бердi.
"Спортпен айналысыңыздар, жүгiрiп, бассейнге жазылсаңыздар да жаман емес. Әрбiрiмiз мықты болсақ, елiмiз де күштi болады", - дейдi чемпион.
Осыдан кейiн Илья Ильин жанкүйерлерiне өз қолтаңбасын таратып, естелiк фотоға түстi.
Еске сала кетейiк, Лондон Олимпиадасынан кейiн Илья бiлiм алу мақсатында жарыстарға қатыспай, бiраз уақытқа демалыс алған болатын. Келесi Олимпиада ойынында зiлтемiршi жаңа салмақта 105 келiде өнер көрсетудi жоспарлауда.