Илья Ильин батырлар жөнінде қазақстандық ойынның қаһарманы болды - БАҚ

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Илья Ильин батырлар жөнінде қазақстандық компьютер ойынына енді.

Бұл туралы «Экспресс К» газетінде жарық көрген «Ну и гаджеты!» мақаласында (автор Максим Пичугин ) жазылды.

Ойынды Демирель атындағы алматылық университеттің студенттері Ақберді Елжанов, Жембай Сұлтан, Мақсат Төлегенов және Ержан Торғаев ойлап тапты. Олардың AlaQay тобы Startup Weekend Karaganda атты бағдарламашылардың байқауына қатысып, «қаһарман» ретінде Ильинді қатарға қосқан патриоттық ойынды ұсынды. Айта кетейік, ол Android нұсқасында компьютерлер мен айпад және гаджеттер үшін бейімделген.