Ақмола облысының атынан шыққан Илья Ильин «Русская Рулетка» тәртібі бойынша 88 келіні, одан кейін 93 келі салмақты көтерді. Осылайша, ол бұрын 83 келі болған Қазақстанның рекордын жаңартып отыр.
Сонымен қатар, ақмолалық жігіт «Русская Ось» тәртібі бойынша 180 және 190 келіні бағындырды. Бұрын Қазақстанның рекорды - 135 келі болатын.
Осылайша, Илья Ильин халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Армлифтинг - күшті талап ететін спорттың жаңа спорт түрлерінің бірі. Армлифтингтің шарты - диаметрі 60 миллиметр болатын ыңғайсыз темірді көтеру болып табылады. Яғни, оған бекітілген ауыр домалақ темірлерді спортшы көтеруі тиіс. Бір қарағанда аса қиын спорт түрі болмағанымен, спортшының қол буыны сыналатын спорттың түріне қызығушылық артып келеді.