Илья Ильин Лондон Олимпиадасына Париж төрінде дайындалуда

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Бейжің ойындарының чемпионы Илья Ильин Лондон Олимпиадасына қазір Париж төрінде дайындалып жатыр.

Бұл туралы «Аламан» спорт порталына республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшан мәлімдеді.

«Ильиннің Парижге кеткеніне біраз болды. Сол жақта жеке бағдарлама бойынша олимпиадаға дайындалуда. Сонымен қатар, Еуропа климатына бейімделуде. Елге біраз уақыттан соң оралып, Алматыдағы олимпиадалық даярлау орталығында жаттығуын жалғастырады»,- деді Амалбек Тшан берген сұхбатында.