«Бүгін екі айлық жиыннан кейін біздің жақын досымыз @ilyailyin4ever (Илья Ильин) келді. Құпия болса да, айтайын, 25 мамыр күні #LuinaBday-де екеуміз дуэтпен сіздерге арнап бір-екі ән орындаймыз», - деп жазыпты әнші. Luina - EMA Еуразиялық музыкалық сыйлығы нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік әншісі, Cosmopolitan журналының нұсқасы бойынша 2012 жылдың үздік әншісі, 2012 жылы Fun Fearless Female нұсқасы бойынша "Жыл әйелі" атанған.
09:20, 19 Мамыр 2014
Илья Ильин Луинамен бірге ән айтпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин 25 мамыр күні Луиза Кәрінбаеваның (Luina) туған күнінде әншімен бірге дуэтпен ән айтпақ. Бұл туралы Luina өзінің Instagram парақшасында жазды.