Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын зілтемірші Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 қыркүйек күні Таиландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионаты ашылады. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшыларды атады.

«Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі)», делінген хабарламада.

Қазақстан ерлер командасының тізімі:

55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон

89 келі: Денис Уланов,

81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов

96 келі: Илья Ильин

109 келі: Ибрагим Берсанов.

Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.