Илья Ильин: «Менің мақсатым - үшінші Олимпиада «алтынына» қол жеткізу»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Менің мақсатым - үшінші Олимпиада «алтынына» қол жеткізіп, төртінші олимпиадалық циклге қатысу, деп мәлімдеді ауыр атлетика бойынша екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин.

«Менің әр жарыста мақсатым айқын. Енді үшінші «алтынды» жеңіп алып, төртінші олимпиадалық циклге шығу жоспарымда бар. Бұл мақсатқа жететініме еш күмәнім де жоқ. Жарыстардағы басты серігім - сенімділік», - деді «Весь спорт» спорттық ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында И. Ильин.