Илья Ильин өзара әңгімеде қарсыласы Александр Ивановқа не айтты?

None
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - 94 келіге дейінгі санаттағы ауыр атлетші, Олимпиада чемпионы Илья Ильин

«Советский спорт» газетіне берген сұхбатында өзінің ресейлік қарсыластары: екінші орын алған Александр Иванов пен төртінші орынды місе тұтқан Андрей Демановтың атына мақтаулар айтты.

Бұл туралы http://www.olympickhabar.kz сайтында жазылды.

- Олар болмаса ешқандай да әлемдік рекорд болмаушы еді. Мен алдын ала босаңсып, жаттығу залында емін-еркін жүре беруші едім. Сондықтан оларға үлкен рахмет! Мен шынайы бәске болғанды ұнатамын, бүгін ол болды!, - деді Ильин.

- Марапаттау кезінде Ивановпен не туралы сөйлестіңдер?

- «Өзіміз» ретінде бір-екі нәрсені айттым...Ол: «Аяғым қажалған еді, сол кедергі етті», - деді, ал мен оған: «Қойшы, сен жарадың!», - дедім. Шынымен де, Сашаға өте-өте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге сәл ғана жетпейді.

Еске салайық, Ильин екі әлемдік рекорд орнатты: серпеді (233 кг) және қос сайыстың нәтижесі бойынша (418 кг). Ивановтың нәтижесі - 409 кг (185+224), Демановта 407 кг (182+225).