Илья Ильин Талдықорғанда өткен жарыста жеңіске жетті

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат –Талдықорғанда ауыр атлетикадан өткен Қазақстан спартакиадасында Илья Ильин жеңіске жетті. Төрт дүркін әлем чемпионы 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшы«Жұлқа көтеруде» 170 келіні еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық тұрды.

«Серпекөтеруде» Ильян Ильин 200 келі салмақты бірінші мүмкіндігінде көтере алмай,екінші талпынысында бағындырды. Ал үшінші мүмкіндігінде 205 келіге тапсырысберіп, өкінішке орай зілтемірге шамасы жетпеді. Қос сайыстың қорытындысыбойынша Илья Ильин 370 келіні (170 келіжұлқа көтеру-200 келі серпе көтеру) көтеріп, спартакиаданың жеңімпазы атанды.

Осы бәсеке кезінде Илья Ильин бұған дейінгіжарыстарда көрсеткен нәтижесінен жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Айтакетейік, Талдықорғанда 4-9 тамыз аралығында Қазақстанның ауыр атлетикаданспартакиадасы өтті. Жарыс бүгін мәресіне жетті.

Соңғы жаңалықтар