«Менің тағы бір жаңа рекордым. Серпе көтеруде 242 кг-ні бағындырдым», - деп жазды ол өзінің жаттығуы кезінде түсірілген видеосына пікір ретінде.
Сондай-ақ, ол өзінің әріптесі Алмас Өтешовті де жаңа жеке рекордын орнатуымен құттықтаған. «Серпе көтеруде 230 кг-ні еңсерген Алмас Өтешовті құттықтаймын. Ол 25 қыркүйекте Инчхонда басталатын Азия ойындарында ел атынан сынға түсетін болады», деп жазды чемпион.