НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі ауыр атлет Илья Ильин Жапония астанасы - Токио қаласында ауыр атлетикадан халықаралық турнирге қатысады. Турнирде 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін жолдамалар сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.
Халықаралық турнирде біздің еліміздің сапынан үш атлет қатысады. Илья Ильин 109 келіде жарыс жолына шығады. Дәл осы салмақта біздің еліміздің атынан Ибрагим Берсанов та бақ сынайды. Сондай-ақ, қыздар арасында 87 келіде Лариса Кобелева аталмыш турнирге қатысады.
Қазақстан құрамасы сапындағы атлеттер 7 шілде күні жарысқа шығады деп жоспарланып отыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.