Илья Ильин жұбайын жеңісімен құттықтады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Илья Ильин жұбайы Наталья Кулакованы гандболдан өткен Азия чемпиондар лигасындағы жеңісімен құттықтады. Зілтемірші ыстық ықыласын Инстаграмм желісінде жеткізді.

«Қызылорданың «Қайсар»  әйелдер клубын  гандболдан  өткен Азия чемпиондар лигасындағы жеңісімен құттықтаймын!  Сондай-ақ сүйікті жұбайымды да құттықтаймын! Жарайсыңдар!» деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Илья Ильиннің жары   Наталья Кулакова да спорттан құралақан емес, ол гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсетіп жүр.  Илья мен Наталья 2012 жылдың қыркүйек  айында заңды некеге тұрған. Екеуінің Милана есімді қыздары бар. 

<" width="1" height="1" layout="responsive">

Соңғы жаңалықтар