Іле Алатауы ұлттық паркінде этноауыл құрылуы мүмкін
Іле Алатауы ұлттық паркі 198669 га аумақты алып жатыр.
Осылайша ұлттық парктің 78 549 га территориясы қорықтық режімде қорғалады.
Қазір парктің 104 аймағы - ұзақ мерзімді, 25 - қысқа мерзімге жалға берілген.
Парк ішінде 35 кемпинг, 48 қонақ үй, 4 дәмхана бар. Жобаның үйлестірушісі «Терра» қашықтан зондтау және географиялық жүйелер ЖШС парктің жекелеген аймақтарын жалға беру арқылы туристік әлеуетін арттыруды ұсынады.
Қазір аталған жоба қоғамдық кеңестің талқылауында жатыр.
Қала тұрғыны Ажар Жандосова Іле Алатауы паркінің Алма-Арасан шатқалындағыдай ақылы болып кетпеуін қадағалауды ескертті.
Қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай бас жоспар қабылданған жағдайда туристерге жағдай жасалатынын атап өтті.
«Іле Алатауы паркімен бірлесе отырып туристерге ыңғайлы орта жасауды ойластырып жатырмыз. Алматы әкімдігінде «Туризмді дамытудың 100 қадамы» атты жоба қабылданды.
Экологиялық туризм табиғатпен тікелей байланысты болғандықтан, ҚР АШМ біріге отырып, қоғамдық кеңеске шығуды жоспарладық. Заң бойынша парк басшылығы қоғамдық талқылауға шығаруға ешқандай міндетті емес»,- деді Ерлан Жайлаубай.
Қазір Іле Алатауы паркінде 44 туристік маршрут жұмыс істеп тұр. Бас жоспар жүзеге асқан жағдайда олардың барлығы қайта жаңғыртылатын болады.
Парк директоры Дамир Малгелдиевтың айтуынша, ұлттық паркке мемлекет тарапынан туристік шығындарды ақтауға мүлде қаржы бөлінбейді.