Өртті сөндіру кезінде мемлекеттік ұлттық саябақтың 41 жастағы инспекторының басына тас құлап ауруханада көз жұмды.
Өрт шарпыған аумақ 1 гектар орман алқабы мен 5 гектар шабындық шөп алаңы. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы және Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 25 адамы, Іле Алатуы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 65 адамы, «Авиаорманқорғау» РМК 1 тікұшағы мен 15 адамы, Алматы қаласы құтқару қызметінің 1 тікұшағы жұмылдырылды.