Іле Алатауында дауылдан зақымданған орман учаскелеріндегі ағаш отырғызу жұмыстары 2015 жылға дейін жалғаспақ
ҚР АШМ мәліметтерінше, «Медеу» биік таулы мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінің Қазақстандағы халықаралық туризм және спорттың негізгі нысаны болып табылатынын ескере отырып, Медеу шатқалындағы желсұлатпаларын жинау, сондай-ақ ағаштарды қайта қалпына келтіру іс-шаралары таулы жерлердегі жағдайдың қиындығына қарамастан толық көлемде жүргізілетін болады.
2012 жылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша 141,5 га алқапта 20,5 мың текшеметр желсұлатпаларының сүректері жиналды. Іле Алатауы МҰТП-дегі жел сұлатқан ағаштарды тарту жөніндегі жұмыстарға 200 адам, оның ішінде 55 ұлттық парктің қызметкері, 28 бірлік техника мен 43 бензоара тартылды. Биылғы жылғы көктемде Шымбұлақ, Горельник, Плотина және Мохнатка учаскелерінде 8,1 га алқапқа 5000 дана көшет отырғызылған болатын. Сондай-ақ 12,0 га алқапқа 35 000 дана 4 жылдық Шренка екпесінің көшетін отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұл ретте дауылдан зақымданған орман қоры учаскелеріндегі ағаш отырғызу жұмыстару 2015 жылға дейін жалғаспақ. Желсұлатпа учаскелеріндегі жоғары өрт қауіпсіздігінің орын алуына байланысты ормандарды жерүсті және авиациялық күзету күшейтілді, ұлттық парк қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі белгіленді.
Ұлттық парктің қызметкерлері Алматы қаласындағы ТЖД бірлесіп, «Мохнатка» тауының орман өртіне оранған учаскелеріндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Медеу» мұз айдынынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешеніне дейінгі автожолдардағы құлау қаупін төндіріп отырған томарлар мен шөпшектерді жинау бойынша жұмыстар жүргізуде. Үстіміздегі жылғы 6 қыркүйекте Іле Алатауы ұлттық паркінің көшкін қаупі бар біршама учаскелердегі орман өрттерінің салдарын жою үшін 50 адам қосымша жұмылдырылды. Қазіргі уақытта «Қазгипроорманшар» РМК орман өртіне оранған учаскелердегі ағаштарды қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ұсыным әзірлеуде. Сонымен қатар, 2013 жылы көктемде «Мохнатка» тауында ағаштарды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталады.