деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
«Наурыздың 21-і күні Іле Алатауында, Қотырбұлақ өзені алабындағы («Алматау» турбазасы ауданы) № 5, 13, 14 қар көшкіні тоспаларында жалпы көлемі 73 мың текшеметрді құрайтын бірнеше қар көшкіні болды. Қардың екпіні турбазаның электр бағандарын құлатты», деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға орнында қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.