«Алматы маңындағы таулардың гидрометеорологиялық ахуалы үрей тудыруда. Сондықтан бүгін ғалымдардың баяндамасын тыңдап, осы жағдайға байланысты пікір алмасамыз», деп атап өтті өз сөзінде Н. Әшімов. Сонымен қатар ол осы ахуалға байланысты қала әкімі Ахметжан Есімов жұмыстық жиналыс өткізіп, нақты тапсырмалар берілгендігін айтып өтті.
Жиын барысында «Казгидромет», География институты, ҚазҒЗИ мамандары мен Алматы қаласы ТЖМ басқармасының өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
«Табиғат» Экоодағы президенті Мэлс Елеусізов бұл жиынның дер кезінде өткенін және қажет екенін айтады. «Су тасқынының алдын алудың жаңа жолдарын табу қажет. Бүгін осы тұрғыда әртүрлі пікірлер мен мәліметтер айтылды. Ғалымдар зерттеген барлық мағлұматтарға сараптама жасау қажет. Сондай-ақ Іле Алатауындағы жағдай тиісті құрылымдардың әрдайым жіті бақылауында болуы қажет», дейді М.Елеусізов.