Іле-Балқаш резерватындағы өрт: Автотехника жану ошағына жете алмай жатыр
«Жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейін жететін қамыс үйіндісі отты ауыздықтауды қиындатып отыр. Авиацияны қолдана отырып судың төгілуіне қарамастан, жану жалғасып жатыр.
Өрт сөндіру автотехникасының өте алмауынан және өрт орнына жету қиын болғандықтан, тілсіз жаумен күрес жерүсті тәсілмен қол инструменттерін: хлопушкалар, мотопомпалар мен шанц құралдарын пайдалана отырып жүргізілуде.
Сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, жалын ошақтарын қарама-қарсы бағытта өшіру әдісі қолданылып жатыр.
Қазавиақұтқару тікұшағы су төгуді жалғастыруда.
Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды», - делінген мәліметте.
Айтылып өткендей, бүгін 29 маусым күні «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы резерватты айналып өтіп, жетуі қиын жерлердегі отпен күресу үшін десанттарды жеткізетін болады.
Өрттің жалпы аумағын резерват қызметкерлері анықтамақ.