Жаттығу барысында тәжірибе жүзінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресудің жаңа тәсілдері қолданылуда. Жауынгерлiк атыс кезінде түтін мен бүркемелеу қолданылады, сонлай-ақ соққы беретін дрондарға бақылау жүргізіледі.
«Соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстарды мұқият зерделеудің нәтижесінде десанттық-шабуылдаушы әскерлерінде жасалған бұл әдістер жауынгерлік дайындықты едәуір арттырып қана қоймай, сонымен қатар жеке құрам арасында үлкен шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді», деп атап өтілген аталмыш ведомоствоның хабарламасында.