Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қарсы алғаны және қонақжайлығы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, екіжақты байланысты нығайтудағы Түркістанның айрықша маңызын атап өтті.
– Мен көне әрі тарихы мен мәдениеті бай қала Түркістанға келгеніме өте қуаныштымын. Түркістан – Әзербайжанның мәдени астанасы Шушаның алғашқы бауырлас қаласы. Біздің халықтарымыз секілді шаһарларымыз да бауыр, – деді ол.
Сонымен бірге, қос мемлекеттің стратегиялық ынтымақтастығы тұрақты түрде дамып келе жатқанына тоқталды.
– Бұл – менің Қазақстанға соңғы бес жылдағы сегізінші сапарым. Ал Президент Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен алты рет келді. Төрт жыл бұрын қол қойылған декларация біздің қарым-қатынасымызды одақтастық деңгейіне көтерді, – деді Ильхам Әлиев.
Айта кетейік, бұған дейін Ердоған 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейтуді ұсынғанын жазғанбыз.