Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатыр

Фото: Akorda

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

- Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.

Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Президентке «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының тоғыз айдағы қызметінің нәтижесі таныстырылды.