Ильхам Әлиев бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
12:00, 07 Наурыз 2026
Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчыван әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді
АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчыван әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, Ираннның ұшқышсыз ұшатын аппараттарының Нахчыван қаласындағы әуежайға шабуыл жасауына байланысты өзінің ұстанымын білдірді.
Президент ұстанымы бауырлас, одақтас Әзербайжанға жасалған аталған актіні қатаң айыптайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы болған оқиғаға Иранмен бірлесіп, тергеу жүргізілетінінен, өңірдегі шиеленісті қоздырудың алдын алу үшін аталған жағдайдың дипломатиялық жолмен реттелетінінен үміттенетінін жеткізді.