Илон Маск $200 млрд табыстан айрылған әлемдегі алғашқы адам

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдегі ең дәулетті жандардың бірі Илон Маск 200 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі табысынан қағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жыл Илон Маск үшін нағыз сынақ болды. Кезінде ғаламның ең бай адамы болған И. Маск «Twitter»-ді сатып алды. Содан соң түрлі жанжалдарға тап болып, капиталын күрт жоғалта бастады.

Bloomberg агенттігі есептегендей, Масктың байлығы 2021 жылдың қараша айының басында 340 миллиард доллардан асты. Ал, биыл желтоқсанның соңында Tesla акцияларының күрт төмендеуіне байланысты 137 миллиард долларға дейін төмендеді.

«Twitter»-ді сатып алғаннан кейін кәсіпкер әлеуметтік желіні басқаруға ауысып, автомобиль компаниясына назар аударуды тоқтатты, содан кейін инвесторлар алаңдаушылық білдірді.

Илон Маск 200 миллиард доллар байлығынан айрылғасын, жер бетіндегі ең бай адам атағы Louis Vuitton Мoet Hennessy холдингінің иесі Бернард Арноға бұйырды. Оның байлығы 162 миллиард долларға бағаланады.

Еске салайық, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі бірінші орыннан төмендеп қалды.


Фото: bbc.com