«Марсқа алғашқы ұшуларға қатысты - біз мұны 2020-2025 жылдары, шамамен тоғыз жылдан кейін істей аламыз», - деді Маск Гонконгтағы форумда сөйлеген сөзінде SpaceX компаниясының адамдарды ғарышқа ұшыру туралы сұрақтарына жауап қайтара отырып. Оны трансляциялау форум сайтында жүргізілді.
«Мен үшін тоғыз жылдың өзі өте көп», - деп атап өтті Маск журналистің осындай орасан зор жобаға өте аз уақыт беріліп отырған жоқ па, деген сұрағына орай. Масктің өзі ғарышқа шамамен 5 жылдан кейін ұшуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Бұдан бұрын NASA мамандары 2030 жылға қарай адамдардың Марсқа аттану экспедициясы мүмкіндігі туралы мәлім еткен болатын.