Илон Маск енді әлемдегі ең бай адам емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі бірінші орыннан төмендеп қалды. Forbes және Bloomberg мәліметінше, енді ғаламшардағы ең бай адамдар тізімінде LVMH люкс тауарлар компаниясының басшысы Бернар Арно тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Forbes мәліметінше, Масктің дәулеті қазір 178 млрд долларды құрайды. БАҚ электромобиль өндірушісі Tesla-ның шамамен 14%-на ие екенін және қазан айында Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алды деп бағалап отыр.

Бұл ретте Арноның жалпы байлығы 188 млрд долларды құрады.

LVMH - француздық сәнді бұйымдар конгломераты. Компания 1987 жылы Louis Vuitton және Moët Hennessy сән үйлерінің бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазіргі уақытта ол 75 люкс брендін біріктіріп отыр. 2021 жылы LVMH Еуропадағы ең құнды компания болып танылды. Кәсіпкерлікті Арноның отбасы басқарып келеді.

Маск Forbes журналының миллиардерлер тізімінде алғаш рет 2021 жылдың көктемінде бірінші тұрды. Сол кезде оның таза дәулеті 219 млрд долларға жетіп, Amazon негізін қалаушы Джефф Безосты көшбасшылықтан ығыстырып жіберді.

Ол кезде француз кәсіпкері Бернар Арно үшінші орында болатын. Ол үздік «үштікке» алғаш рет 2020 жылы енген. Содан бері Арно отбасының байлығы, Forbes мәліметі бойынша, екі еседен астам – 76 млрд-тан 158 млрд долларға дейін өсті.

Фото: REUTERS