Илон Маск Израильге барды

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, Х  (бұрынғы Twitter)  әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Израильге барды. Kazinform бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: JUSTIN SULLIVAN/GETTY IMAGES

Илон Маск Тель-Авивке жеке ұшағымен келді. Ол Израиль президенті Ицхак Герцогпен, премьер-министр Биньямин Нетанияхумен кездесіп, Газа секторы шекарасындағы ауылдарды араламақшы.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Израиль мен ХАМАС арасында Катардың араласуымен болған төрт күндік бітімгершілік аясында тұтқын алмасу ісі жүріп жатыр.