Илон Маск Трамп әкімшілігіндегі жұмыс уақытын қысқартпақ

АСТАНА. KAZINFORM – Илон Маск сейсенбіде мамыр айынан бастап Трамп әкімшілігінің Үкімет тиімділігі департаментінде (DOGE) жұмыс істейтін уақытын күрт қысқартатынын және негізінен өз компанияларын басқаруға қайта оралатынын мәлімдеді деп хабарлайды Reuters.

Фото: Marlena Sloss/Bloomberg

Масктың ең ірі компаниясы Tesla сейсенбіде бірінші тоқсанның қорытындыларын хабарлады, онда оның таза кірісі бір жылда 71%-ға төмендегені көрсетілді.

- Жұмыстың көп бөлігі – DOGE командасын құру және үйімізді қаржылық тәртіпке келтіру үшін үкіметпен көп жұмыс атқарылды, - деп келтірді Reuters Масктың сарапшылармен телефон конференциясында кезінде сөйлеген сөзін.

Сонымен қатар, Маск DOGE-дан толығымен кетуді жоспарлап отырмағанын, оған уақытының 40% арнауды жоспарлап отырғанын айтты.

- Масктің федералды қызметкерлер штатын қысқарту бағытындағы жұмыстарға жетекшілік ететін Үкімет тиімділігі департаментіндегі жұмысы қауіп-қатерге толы болды, - деп келтіреді оның сөзін Reuters.

Өйткені ол Tesla-ға қарсы наразылықтар мен вандализм әрекеттерінің жандануына түрткі болып отырды.

Tesla компаниясының 2025 жылғы 1 тоқсандағы есебіне сәйкес, компанияның осы үш айдағы таза табысы 2024 жылдың бірінші тоқсанынан 71%-ға төмендеп, 409 млн долларды құрады. Табыс – 19,3 млрд доллар болып, өткен жылдың басымен салыстырғанда 20%-ға төмендеді.

Тesla 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында шамамен 337 мың электр көлігін сатты, бұл екі жылдан астам уақыт ішіндегі ең нашар тоқсандық көрсеткіш.

11 наурыз күні Tesla акциялары 15% төмендегені туралы жаздық.