Жақында Twitter-дің 9,2 пайыз акциясын сатып алып, компанияның директорлар кеңесіне кірген Илон Маск Twitter-дің бас кеңсесін үйсіздерге арналған баспанаға айналдыруды ұсынды.
«Сан-Францискодағы Twitter штаб-пәтерін үйсіздерге арналған баспанаға айналдыруды ұсынамын, бәрібір ол жерге ешкім келмейді», - деп жазды Маск Twitter-дегі парақшасында.
Дәл қазір дауыс берген 1,85 миллион қолданушының 91 пайыздан астамы бизнесмен идеясын қолдаса, 8,5 пайызы қарсы болған. Amazon негізін қалаушы Джефф Безос Илон Маск жазбасына жауап ретінде штаб-пәтерді тұтас үйсіздер баспанасына айналдырмай, ғимараттың жарты бөлігін беруге болатынын айтты.