Илон Маск үкіметтің БАҚ-қа жұмсайтын шығынын қысқартпақшы

Фото: Коллаж: foxnews.com

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-тың Үкімет тиімділігі департаменті (DOGE) жүргізіп жатқан үнемдеу саясаты аясында бірқатар америкалық БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландырудан бас тартады, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитттің мәлімдеуінше, Politico бұдан былай салық төлеушілердің қаражатынан бір цент те алмайды. Бұл шешім басылымның жазылым мен басқа да мемлекеттік келісімшарттар арқылы 8,4 миллион доллар алғаны анықталғаннан кейін қабылданды.

Кэролайн Ливитт DOGE командасы қазір бұл төлемдерді тоқтату бойынша жұмыс істеп жатқанын және «америкалықтардың мүддесіне қызмет етпейтін» кез келген шығын қысқартылатынын атап өтті.