Илон Масктың байлығы бір тәулікте 39,7 млрд долларға өсті

АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы бір тәулікте 39,7 млрд долларға артып, 859 млрд долларға жетті. Бұған SpaceX пен Tesla акциялары құнының өсуі әсер еткен, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Фото: CNBS

Bloomberg миллиардерлер индексіне сәйкес, бір күнде Масктың активтері 4,8 пайызға өскен. Ол әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орында тұр.

Жұма күні Nasdaq биржасында SpaceX акциялары 4,83 пайызға қымбаттап, бір данасы 133,59 долларға жетті. Ал Tesla акциялары сауда қорытындысы бойынша 5,22 пайызға өсіп, 400 долларды құрады.

Еске сала кетейік, биыл маусымда SpaceX акцияларының саудасы басталғаннан кейін Масктың байлығы алғаш рет 1 трлн доллардан асқан еді. Алайда 24 маусымда оның активтері 957 млрд долларға дейін төмендеді. Ол триллионер мәртебесін екі аптаға жуық сақтады. Қазан айында кәсіпкердің байлығы қайтадан 1 трлн доллардан асты.

Ал жуырда Маск АҚШ-тағы әр балаға екеуден SpaceX акциясын таратуға уәде берді. 

Сондай-ақ ол бұл акцияларды балалар желтоқсан айында алатынын мәлімдеді.