Илон Масктың шығындарды қысқарту жөніндегі DOGE жобасы таратылды

Фото: Anadolu Ajansi

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ Үкіметінің тиімділік жөніндегі департаменті (DOGE) өкілеттік мерзімі аяқталуға сегіз ай қалғанда таратылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Персоналды басқару басқармасының (OPM) директоры Скотт Купордың айтуынша, президент Дональд Трамптың екінші мерзімінің алғашқы айларында үстемдік еткен миллиардер Илон Маск басқаратын шығындарды қысқарту агенттігі DOGE енді «жоқ» және кеңсенің көптеген функцияларын федералды үкіметтің кадрлық агенттігі өз мойнына алды.

- Шындығында, DOGE орталықтандырылған басшылыққа ие болмауы мүмкін. Бірақ DOGE міндеттері өзгеріссіз қалады: алаяқтықпен, ысырапшылдықпен және теріс пайдаланумен күресу, федералды жұмыс күшін қайта құру және тиімділікті арттыру, - деп жазды Скотт Купор.

DOGE федералды агенттіктердің бюджетін қысқарту үшін жұмыс істеді және федералды қызметкерлерді жұмыстан шығарумен айналысты.

Бұған дейін ақпан айындағы жағдай бойынша миллиардер Илон Маск басқаратын DOGE АҚШ бюджетін жалпы алғанда 65 миллиард доллар үнемдегенін мәлімдегені хабарланған болатын.